«Bilimdiler dodasy» зияткерлік ойынының ашық лигасының іріктеу кезеңінің 2-ші ойыны

«Bilimdiler dodasy»  зияткерлік ойынының ашық лигасының іріктеу кезеңінің 2-ші ойыны

Ағымдағы жылдың 22-маусым күні жастар арасында «Bilimdiler dodasy»  зияткерлік сайысының іріктеу кезеңінің 2-ші ойыны оздырылды. Бұл жолы талантымен елге танылып, талабымен өрге жүзген, әр түрлі салада еңбек етіп, үздік атанып жүрген жастардың  білім деңгейі таразыланды. Жобаның мақсаты: жастар арасында ғылым мен білімді, қазақ халқының төл мәдениеті мен өнерін, салт-дәстүрін насихаттау, қатысушылардың бойындағы зияткерлік дағдыларын, парасаттылығын көрсету. Сайыс нәтижесінде 3-топ ойыншысы Сапаргалиев Рустем Памирұлы үздік ойыншы атанды.