«TULGA BOL» жылжымалы жәрмеңке өтті.

«TULGA BOL» жылжымалы жәрмеңке өтті.

Ағымдағы жылдың 15 маусым күні әрбір аудандар мен қалада орналасқан колледж, мектеп бітіруші түлектер, жастарға арналған бос орындар жәрмеңкесін өткізу, мемлекеттік бағдарламалар жайында ақпаратты насихаттау, тиісті консультациялық көмекті көрсету мақсатында республикалық жоба аясында «TULGA BOL» жылжымалы жәрмеңке және консультациялар автобусы аудандарға алғашқы іссапарын Теректі ауданының Подстепное ауылынан бастады. Жастарға арналған ашық кеңесте жастар ресурстық орталығы; жоғарғы және арнаулы оқу орындары, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, «Отбасы Банк» АҚ және т.б. сала мамандары аудан жастарына түрлі бағытта кеңестер берді.«TULGA BOL» жылжымалы жәрмеңке және консультациялар автобусы барлық аудандар мен ауылдарды қамтыды.