
2023 жылдың 14-17 тамыз күндері аралығында БҚО қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Орал студенттер Альянсы» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен «Жастардың өңірдің қоғамдық өміріне белсенді араласуына ықпал етуге бағытталған кешенді іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу» әлеуметтік жобасы аясында студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының белсенді мүшелерінен құрылған белсенді топ өңіріміздегі ЖОО-ның және АОО-ның студенттік үйлеріне мониторинг жұмыстарын жүргізді. Атап айтсақ: М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің 2 жатақханасына, Жәңгір хан атаындағы аграрлық-техникалық университетінің 2 жатақханасына және Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі, А.Иманов атындағы жол-көлік колледжінің жатақаналарының су, жылу, электорэнергиямен жабдықтау, санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сай болуы және жатақханада тұру үшін қажетті жағдайлардың камтамасыз етілуі тексерілді.