"Менің Қазақстаным" патриоттық акциясы өткізілді.

"Менің Қазақстаным" патриоттық акциясы өткізілді.

Ағымдағы жылдың 29 тамыз күні Батыс Қазақстан облысы қоғамдық даму басқармасының қолдауымен "Орал студенттер Альянсы" корпоративтік қорының ұйымдастыруымен "Менің Қазақстаным" патриоттық акциясы өткізілді. Акция барысында конституцияның мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, өзінің жеке басы мен отбасы үшін де маңыздылығын терең сезінетін белсенді жастар қаламыздың тұрғындары мен қонақтарына арнап еліміздің туы мен Қазақстан тәттілерін таратты. Жылдан жылға біздің басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздігіміз, келісім мен бірлігіміз нығая берсін. Әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілейміз. Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!келешегіміз кемел болсын!