
БҚО қоғамдық даму басқармасының қолдауымен "Орал студенттер Альянсы" корпоративтік қорының ұйымдастыруымен студенттік және мектептердегі өзін-өзі басқару ұйымдарының кеңесі өткізілді. Кеңес отырысына Орал қаласындағы ЖОО-ның, ТжКББҰ-ның және мектептердің өзін-өзі басқару ұйымдарының мүшелерімен жастар ісі жөніндегі мамандары, БҚО және Орал қалалық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтарының басшылары, БҚО қоғамдық даму басқармасының өкілдері қатысты. Кеңес барысында кеңес мүшелерінің бір ауыздан қолдауымен "STUD UNION" студенттік өзін-өзі басқару ұйымдары кеңесінің төрағасы болып – Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің 3-курс студенті – Жұмажанов Қуанышбек Ринатұлы тағайындалды. Ал, мектептердегі өзін-өзі басқару ұйымдары кеңесінің төрайымы болып - Орал қалалық №33 ЖОББМ-нің 9 сынып оқушысы - Айсағали Милана Батырбекқызы тағайындалды. Шара соңы еркін форматта жастардың ұсыныстарымен пікірлерін талқылаумен өз жалғасын тапты.