“BILIM RING” интеллектуалды ойыны өтті.

“BILIM RING” интеллектуалды ойыны өтті.

Ағымдағы жылдың 25 мамыр күні БҚО қоғамдық даму басқармасының қолдауымен “Орал студенттер Альянсы” корпоративтік қорының ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында “BILIM RING” интеллектуалды ойыны өткізілді.
Аталмыш шарада Орал қаласындағы 11 колледждің студенттері бақ сынап, ІІІ-орынды Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжі иеленсе , ІІ- орынды қанжығасына байлаған Жаһанша Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің  студенттері вице-чемпион атанды. Ал үздіктер бақ сынаған сайыста Батыс Қазақстан индустриалдық колледжінің командасы  жүзден жүйрік шығып Жеңімпаз атанды.
Сайыс қорытындысында жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен және арнайы кубоктармен марапатталды.
Сайыстың жоғары деңгейде өтуіне қолдау көрсеткені үшін Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің инженерлік-гуманитарлық факультетінің басшылығына және БҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық ортылығына  ұйымдастырушылар атынан зор алғысымызды білдіреміз.