
Ағымдағы жылдың 11 қазан күні БҚО қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «ҒАСЫР» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жастар арасында құқықбұзушылыққа төзбеушіліктің, нашақорлықтың, синтетикалық есірткінің таралуының, құмар ойынға тәуелділіктің алдын алу және жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылықтың, жыныстық қол сұғушылықтың алдын-алуға бағытталған шаралар кешенін ұйымдастыру және өткізу» әлеуметтік жобасы аясында Психолог Омарова Баян Қонаровнаның қатысуымен қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік,ептілік,инабаттылық қасиеттерін қалыптастыру мақсатында «Қыз тәрбиесі ұлт тәрбиесі» тақырыбындағы тренинг өткізіледі.