
2023 жылдың 16 қазан күні БҚО қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «ҒАСЫР» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жастар арасында құқықбұзушылыққа төзбеушіліктің, нашақорлықтың, синтетикалық есірткінің таралуының, құмар ойынға тәуелділіктің алдын алу және жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылықтың, жыныстық қол сұғушылықтың алдын-алуға бағытталған шаралар кешенін ұйымдастыру және өткізу» әлеуметтік жобасы аясында қыз балаларға ұлттың тыныс тіршілігінде болашақ аналарға үлкен жауапкершілік тұрғанын сезіндіру мақсатында «Қыз намысы - ұлт намысы» тренингі өткізілді.