
2023 жылдың 19 қыркүйек күні Батыс Қазақстан облысы қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «ҒАСЫР» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Жәңгір хан университетінде жаһандық мәселеге айналған заңсыз ойын бизнесі мен лудоманияның алдын-алуға, құмар ойындарына қарсы мінез құлықты қалыптастыру және аталмыш тақырып аясында қызмет атқаратын ұйымдардың мәртебесін көтеруге, оларға қолдау білдіру және білім алушылармен тығыз байланыста болуына жағдай жасау мақсатында «Заңсыз ойын бизнесі мен лудомания» тақырыбында кездесу өткізілді. Шараға Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшесі, «Қазақстан студенттер Альянсы» республикалық студенттік қозғалысы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы – Наукен Ұлан Аманқазыұлы, БҚО полиция департаментінің криминалды полиция басқармасының қызметкері, полиция майоры - Шуйншалиев Олжас Әлібекұлы, Психолог - Мұхтарова Айдана Сайлаубекқызы, Батыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеп тексеру департаменті Криминалистикалық бөлімінің бас криминалисті эконмикалық тергеп тексеру қызметінің майоры - Қолғанатов Армат Қайдарғалиұлы қатысып, ақпараттық түсіндірмелік жұмыстар жүргізілді. Аталмыш шара соңы ашық микрафон айдарымен жалғасын тауып, студент жастардың пікірлерімен ұсыныстары тыңдалды.