
Ағымдағы жылдың 18 қазан күні БҚО қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «ҒАСЫР» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жастар арасында құқықбұзушылыққа төзбеушіліктің, нашақорлықтың, синтетикалық есірткінің таралуының, құмар ойынға тәуелділіктің алдын алу және жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылықтың, жыныстық қол сұғушылықтың алдын-алуға бағытталған шаралар кешенін ұйымдастыру және өткізу» әлеуметтік жобасы аясында, жасөспірімдердің өмір ағымында кездесетін қолайсыз жағдайлардың алдын алу және болдырмау мақсатында психолог маман - Омарова Баян Конаровнаның қатысуымен «Зиянды заттардан аулақ бол» тақырыбында кездесу өткізілді.