
Ағымдағы жылдың 2-18 қараша күндері аралығында Батыс Қазақстан облысы қоғамдық даму басқармасының қолдауымен "Ғасыр" жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен "Жастар арасында құқықбұзушылыққа төзбеушіліктің, нашақорлықтың, синтетикалық есірткінің таралуының, құмар ойынға тәуелділіктің алдын алу және жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылықтың, жыныстық қол сұғушылықтың алдын-алуға бағытталған шаралар кешенін ұйымдастыру және өткізу" әлеуметтік жобасы аясында құқыққорғау органдары қызметкерлерімен бірлесіп облыс көлемінде «Абайлаңыз жүргінші!» акциясы өткізілді. Акция аясында жаяу жүргіншілерге жол ережесімен сақтық шараларын түсіндіру мақсатында 500 дана түсіндірме материалдар таратылды.