«Ортақ мақсат. Қарым-қатынас. Ұйымдастырушылық» кездесуінің ақпараты.

«Ортақ мақсат. Қарым-қатынас. Ұйымдастырушылық»  кездесуінің ақпараты.

Ағымдағы жылдың 18 мамыр күні «BASTAU» коворкинг орталығында Батыс Қазақстан облысы Қоғамдық даму басқармасының басшысы Нұрділдә Серікұлы облысымыздың жастар қоғамдық бірлестіктерінің төрағаларымен, жастар ұйымдарының, ЖОО-ның тәрбие ісі жөніндегі жетекшілерімен, ресурстық орталық қызметкерлерімен еркін форматта кездесті.
Кездесу барысында әр ұйым мүшелері жұмыс бағыттарымен таныстырып, ұсыныстар мен мәселелер талқыланып, жаңа идеялар ортаға салынды.