Батыс Қазақстан облысы жастарына арналған «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты табысталды.

Батыс Қазақстан облысы жастарына арналған «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты табысталды.

Ағымдағы жылдың 21 қазаны күні "Атамекен" өнер ордасында «Қыран елім- Қазақстан» патриоттық форумы аясында Батыс Қазақстан облысы жастарына арналған «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Форумға БҚО әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
- Мағжан Жұмабаев атамыз "Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты, Қырандай күшті қанатты, Мен жастарға сенемін" деген еді. Қай заманда болмасын жастар қоғамның қозғаушы күші болған. ҚР Президенті Қ.Тоқаев Республика күнін ұлттық мереке деп бекітіп, батысқазақстандықтар аталмыш мерекені патриоттық форум ұйымдастыру арқылы мән-мағынасын жастар арасында насихаттауды құп көрді. Әнұранымыз қалықтап, көк Туымыз желбіреп, жастарымыз дарынды һәм арынды болғай, - деді өңір басшысы Нариман Төреғалиұлы.


            Форум аясында жастардың жаңа және бұрыннан бар бастамаларына мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты табысталды. Ұлттық мереке қарсаңында құрметке бөленіп, 500 мың теңгелік гранттарды иеленген жастардың қатарында «Жас SMM» жобасы үшін Асылай Алтайқызы,
«Жастарға арналған» сериалы үшін Армат Қажыгереев,
«Компьютерлік бейнелеу және анимация» жобасы үшін Бибол Серікқалиев, «Красный двор» сериалы үшін Самат Қуанғалиев,
«Qazaq style тұрмыстық қазақша киімдер» жобасы үшін Айзада Нұрболатқызы, «Taza Stand Up» жобасы үшін Елжан Халиуллин,«EDPROJECT» кәсіби бағыт-бағдар беру жобасы үшін Әсел Ильясова,«Қазақша стильде футболка өндірісі» жобасы үшін Салауат Жадраев,«Taza Stand Up Women» жобасы үшін Дамир Самиғатов,«Ірі қара мал сою қалдықтарын қайта өңдеу» жобасы үшін Гүлайым Мақсотова бар.