Батыс Қазақстан облысы жастарына арналған «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының Конкурстық комиссия отырысы өтті.

Батыс Қазақстан облысы жастарына арналған «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының Конкурстық комиссия отырысы өтті.

2023 жылдың 9 қазаны күні Батыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Батыс Қазақстан облысы жастарына арналған «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау бойынша конкурстық комиссияның отырыс өтті. Конкурстық комиссия отырысы Instagram әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирде трансляцияланды. Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру аясында белсенді шығармашыл жастар қауымдастығының қалыптастыруға бағытталған жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын қолдау мақсатындағы «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына 30 өтінім келіп түсіп, 10 жоба үздік деп танылды. Конкурстық комиссия құрамында гранттың бағыттары бойынша сала  мамандары, азаматтық қоғам өкілдері болды.