
Батыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Орал студенттер Альянсы» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен «Батыс Қазақстан облысында волонтерлік қозғалысты дамыту бойынша іс-шаралар өткізу» әлеуметтік жобасы аясында волонтерлердің бірыңғай базасы әзірленуде. Осы жылдың күзінде «Орал студенттер Альянсы» Корпоративтік қоры «Волонтерлердің бірыңғай базасын» іске қосады. Осы бірыңғай базаның көмегімен ұйымдар еріктілерді таба алады, жобаларға өтінімдер жібере алады және түрлі бағыттар бойынша іс-шараларға қатыса алады.