
Батыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Орал студенттер Альянсы» Корпоративтік қорының ұйымдастыруымен Батыс Қазақстан облысы волонтерлік корпусын дамыту, жұмысын жүйелендіру мақсатында Жәңгір хан атындағы БҚАТУ студенттерімен, Ж.Досмұхамедов атындағы Жоғары педагогикалық колледжі студентерімен және Орал гуманитарлық-техникалық колледжі, Республикалық жоғары техникалық колледжі студенттерімен, Орал жоғары гуманитарлық колледжі және Жоғары инженерлік-технологиялық колледжі мен Қазақстан телекоммуникациялық жүйелер университеті студенттерімен волонтерлік қатарға қабылдау бойынша іс шаралар жүргізілді. Шара барысында студенттер волонтерлік бағыттары туралы, оның маңызы және өңір жүзеге асырылып жатырған волонтерлік жобалар туралы ақпаратқа ие болды. Шараға 500 ден аса жас қатысты.