
2023 жылдың 5 тамызы күні Халықаралық жастар күніне орай сенбілік өтті. Сенбілікке жалпы саны - 500 жас қатысты. Халықаралық жастар күніне орай Батыс Қазақстан облысында «JAIYQ JASTARY» фестивалі аясында «ЭКО-ӘЛЕМ» экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Мақсаты – жас ұрпақтың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаны тазартуға, көгалдандыруға баулу.
Экологиялық акцияға жастар ұйымдары, студенттер,«Жасыл Ел» және студенттік құрылыс еңбек жасақтары сарбаздары, волонтерлар мен белсенді жастар қатысты.
Аталмыш акция облыс орталығымен қатар аудандар мен ауыл-аймақтарды қамтып, барлығы 2000-ға жуық табиғат жанашырлары қатысты.
Сонымен қатар «ЭКО-ӘЛЕМ» экологиялық акциясына Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Нұрділдә Серікұлы қатысып, сөз алды:
«-Табиғат тазалығына үлес қосу баршамызға ортақ іс. Ауқымды іс-шараға ауызбіршілікпен белсенділік танытуымыз қажет.»