«Jaiyq jastar ideas club» интелектуалды диалогтік алаңы өтті

«Jaiyq jastar ideas club» интелектуалды диалогтік алаңы өтті

2023 жылдың 19 мамыры күні Батыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Орал студенттер Альянсы» Корпоративтік қорының ұйымдастырумен Облыс аудандарындағы волонтерлік топтардың қатысуымен «Jaiyq jastar ideas club» интелектуалды диалог алаңы өтті. Жоба TED X форматында өткізіліп, волонтерлік салада озық идеялармен тәжірибелерімен арнайы шақырылған спикерлер бөлісті. Спикерлер қатарында кәсіпкер, жастар жанашыры – Ораш Нұрхат Серікқалиұлы «Жастар Рухы» Жастар қанатының БҚОФ төрағасы –  Архат Исламғалиев, «Оқу» қосымша білім орталығының негізін қалаушы –  Супыгалиев Ильяс, «Батыс Қамқор» жастар қоғамдық бірлестігінің Президенті – Бериккалиев Адилет, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Мәдениет және өнер факультетінің декан орынбасары – Еслямғалиев Абулхаир Мақсотұлы, «Qadam» экологиялық қозғалысының көшбасшысы –  Наргиза Ерболатова болды.  Диалогтік алаң барысында әр спикер волонтерлік қозғалыстың берер мүмкіндіктері және волонтерлік саладағы алғашқы тәжірибелері туралы баяндады.