
2023 жылдың 19 мамыры күні Батыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Орал студенттер Альянсы» Корпоративтік қорының ұйымдастыруымен волонтерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Көңілді старт» эстафеталық ойындары өткізілді. Эстафетаға жалпы саны 4 команда қатысып, нәтижесінде белсенді қатысқаны үшін алғыс хатпен аудандық волонтерлік топ командасы, 3 орынды Ақжайық жастары волонтерлік корпусы, 2 орынды «Жастар рухы» волонтерлері, 3 орынды Қазақстан студенттер Альянсы волонтерлері қанжығасына байлады. Жеңімпаздар арнайы дипломдар және естелік сыйлықтармен марапатталды.