«Comeback» экологиялық сенбілігі өтті

«Comeback» экологиялық сенбілігі өтті

 

2023 жылдың 13 мамыры күні Батыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Орал студенттер Альянсы» Корпоративтік қорының ұйымдастыруымен Батыс Қазақстан облысының волонтерлік корпусын дамыту, және өскелең ұрпаққа экологиялық тәрбие беру мақсатында  «Қадам» экологиялық қозғалысымен бірлесе отырып, «Comeback» экологиялық сенбілігі өтті. Сенбілікке 100 ден аса қала жастары қатысып, белсенді азаматтық ұстанымдарын танытты. Сенбілік аясында 500 қорап қоқыс жиналып, қайта өңдеуге жолданды. Экологиялық сенбілікке қатысқан жастардың көбі осындай сенбіліктердің қаламыздың жасыл қала статусын сақтауына және бүкіл әлемді қоқыстан тазартуда үлкен көмек екенін жеткізді.