
2023 жылдың 18 қыркүйегі күні Батыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру мақсатында Жәңгір хан атындағы БҚАТУ жанындағы әскери кафедрамен бірлесіп Тәжік ауған қақтығысының ардагері Сейтказиев Турарбек Ураковичпен кездесу өтті. Кездесу барысында әскери кафедра курсанттары ардагердің өмірлік жолымен танысып, қиын кезеңдегі батырлық ұстанымын өздеріне үлгі етті.