
Бүгін Достық үйінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚХА депутаттық тобының мүшелері Дементьева Н. Г. және Амирханян А. Р. БҚО "Қоғамдық келісім" КММ құрылымдық бөлімшелерімен бүкілхалықтық референдум мәселелері бойынша кездесті.
Мазмұнды кездесуде мемлекеттің демократиялық негіздерінің дамуы, елімізде Конституцияға енгізілетін өзгерістер туралы толық түсінік берілді.