Батыс Қазақстандағы саяси-қуғын сүргін саясаты: тарих пен тағдыр

Батыс Қазақстандағы саяси-қуғын сүргін саясаты: тарих пен тағдыр

27  мамыр күні  Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті,«DANA» ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен  «Батыс Қазақстандағы саяси-қуғын сүргін саясаты: тарих пен тағдыр» (хх ғасырдың 20-50 жж.) тақырыбындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияның мақсаты: Батыс Қазақстан облысындағы ХХ ғасырдың 20-50 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау бойынша  ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелерімен бөлісу, талқыға салу. Ғылыми зерттеулер нәтижесі бойынша ХХ ғасырдың 20-50 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін саясаты тарихының жаңа беттерін ашу, жұмыс топтарының зерттеу методологиясы, табылған және анықталған архив құжаттары мен деректік қорларды  ғылыми ортаға, көпшілік қауымға таныстыру, насихаттау  және қоғамның ұлттық тарихтың ақтаңдақ беттерін зерттеуге  қызығушылығын арттыру. Конференция жұмысына облыс әкімінің орынбасары Б.Нарымбетов, саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі БҚО өңірлік комиссиясының мүшелері, Жоғары оқу орны оқытушылары, ғылыми қызметкерлер, докторанттар, магистранттар мен студенттер, өлкетанушылар, мемлекеттік архив, музейлер мен кітапханалардың қызметкерлері, тарихшы мұғалімдер, қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдері және т.б. қатынасты.