ОРАЛДА РЕФЕРЕНДУМДЫ ҚОЛДАУ БОЙЫНША ОБЛЫСТЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІНІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

ОРАЛДА РЕФЕРЕНДУМДЫ ҚОЛДАУ БОЙЫНША ОБЛЫСТЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІНІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

Кездесу барысында қатысушылар ашық әңгіме форматында қазіргі таңда елдегі өзекті мәселелердің бірі – конституциялық реформалар мен республикалық референдум жайында сөз өрбітті.

Іс-шараға облыстық штаб өкілдері, БҚО ҚХА ақсақалдар кеңесі, этно-мәдени бірлестіктері мүшелері, азаматтық қоғам өкілдері және БАҚ өкілдері қатысты

Отырыстың ашылуында сөз алған БҚО ҚХА журналистер клубының төрағасы Ғұбашев Асланбек Зиннатұлы референдумның маңыздылығына тоқталып өтті.

Президент ұсынған реформалар - ел өмірінің барлық саласын қамтитын кешенді жоспар. Сол себепті ол өзгерістерді өмірге енгізу бәріміздің, яғни әрбір Қазақстан азаматының атсалысуын қажет етеді. Әр қазақстандықтың пікірі ел тағдыры үшін маңызды. Референдум сияқты саяси тетіктің 27 жыл өткеннен кейін қолданылуы, алдағы уақытта қабылданатын шешімнің тарихи маңыздылығын тағы да бір мәрте айқындап отыр, - деді ол.

Сонымен қоса, шараға қатысушылар тарапынан өткелі отырған референдум жөнінде халық, әсіресе студенттер арасында ақпараттың аздығы мен олардың сайлау барысында уақытша мекен жайларының салдарынан дауыс беру жағынан қиыншылық туғызатындығы туралы мәселелер қарастырылды.

Көп адамдар референдумның не екенімен шаруасы жоқ. Бірақ халық референдумға түгел баруы керек. Қазіргідей геосаяси жағдай аумалы-төкпелі болып тұрған уақытта, белсенділігімізді таныту үшін референдумға қатысуымыз керек. Қазір барлық елдерде билік бір қолда шоғырланып, жоғарғы билік күшейіп жатыр. Ал Қазақстанда бұл бірегей бастаманың ерекшелігі – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз билігін халықпен бөлісіп отыр. Сондықтан бұл мүмкіндікті пайдаланып, біртұтас ынтымағымыз бен ауызбіршілігімізді көрсетіп, демократия мен либерализмге қарай қадам жасауымыз керек, – деді БҚО әкімдігі ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Медхат Мұсаұлы.

Жиында БАҚ өкілдері мен қоғам белсенділері ой бөлісті. Ел тарихындағы елеулі оқиғаға белсенді қатысу әрбір азаматтың басты борышы екенін атап өтті. Өйткені бұл келешек ұрпақтың тағдырына тікелей әсер ететін маңызды сәт екенін айтады.