
2022 жыл – «Балалар жылы» мен соғыс және еңбек ардагері, белгілі журналист, қоғам қайраткері Бисен Жұмағалиевтің 100 жылдығына орай облыстың жалпы білім беру ұйымдарының 7-11 сынып оқушылары арасындағы «Келешектің тұтқасы білімді ұрпақта» тақырыбындағы эссе жазу байқауы ұйымдастырылды.
Байқаудың мақсаты: Оқушылардың шығармашылық ойлауын дамыту және жазу шеберлігін шыңдау, шығармашылық қабілет – қарымын ұштау.
115 қатысушы бақ сынаған байқаудың жұмыстарын комиссия мүшелері ережеге сәйкес, тақырыптың ашылуына байланысты қарап, 3 жеңімпазды анықтады.
Жүлделі орынды Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Мұхитова Айсара, орынды Теректі ауданы, Теректі ауылы №1 Федоров ЖОББ мектебінің 11 сынып оқушысы Онбаев Ерболат және орынды Теректі ауданы, Подстепный ЖОББ мектебінің 9 сынып оқушысы Аман Ислам иеленді.
Жеңімпаздарды құттықтай отыра, барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз!