
12 қазан күні Азаматтық орталықтың мәжіліс залында БҚО ішкі саясат басқармасының басшысы Д.Кадралиев облыстың белсенді үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында 2022 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясындағы жобалардың тақырыптарын қалыптастыру сұрағы, жақында жарияланған «Үздік ҮЕҰ-2021» облыстық байқауы туралы сөз қозғалды.