
13 мамыр күні БҚО Азаматтық орталығы «Азаматтық қоғамды дамыту арқылы әлеуметтік маңызды мәселелерді шешу» тақырыбында кездесу өткізді.
Кездесуде үкіметтік емес ұйымдар, мемлекеттік басқармалар және жастар ресурстық орталық өкілдері қатысты. Кездесу спикерлері болған Нұрлыбек Даумов, БҚО ішкі саясат басқармасының басшысы; Ерлан Ғалиев, Орал қаласы әкімінің орынбасары; Аслан Тапишев, «БҚО Азаматтық Альянсы» ЗТБ президенті және «Жайық таңы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гульбаршын Муштанова.
Кездесуде ҮЕҰ мен мемлекеттік органдардың өзара әрекеті және Азаматтық орталық қызметінің жүйесі тыныстырылып, азаматтық қоғам институттарының тұрақтылығын нығайту мен жетілдіру мәселелері талқыланды