АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ МЕН ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ МЕН ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

2021 жылдың 1 наурызында БҚО ҚХА Татуласу орталығында Алғыс айту күні мен Қазақстан халқы Ассамблеясы күніне арналған Ашық есік күні өтті. Іс-шараға қатысушылар, қаланың қоғамдық медиаторлары – бұрынғы судьялар, заңгерлер. Диалог алаңында олар қоғамдағы жанжалдың алдын алу және деңгейін төмендету мақсатында медиация институтын дамыту бойынша пікір алмасып, ұсыныстар жасады. Сонымен қатар, бірнеше өтініш қаралды. Мысалы, ата-анасы қайтыс болғаннан кейін үш мұрагердің нақты мұра бөлісуі; ажырасу кезінде мүлікті бөлу туралы; еңбек өтілін белгілеу; тұтыну кооперативінің салымшыға қарызы.