
2021 жылдың 27 қаңтарында БҚО ҚХА Татуласу орталығы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен БҚО білім басқармасы арасындағы меморандумның міндеттерін жүзеге асыру мақсатында қалалық және кейбір аудандық мектептердің директорларымен «Білім беру мекемелеріндегі медиация технологиялары» тақырыбында онлайн конференция өткізді.
Диалог алаңына қатысушылар білім беру саласындағы жанжалдың алдын алу және деңгейін төмендету мақсатында медиация институтын дамыту бойынша пікір алмасып, сындарлы ұсыныстар жасады. Жақсы ұйымдастырылған конференция пайдалы және нәтижелі болды.