
Елімізде 1 наурыз «Алғыс айту» күні - ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен пайда болған жаңа мереке. Тиісті қаулыға 2016 жылдың 14 қаңтарында қол қойылды. Мереке еліміздің тарихы мен мәдени құндылықтарымен тығыз байланысты болғандықтан, халық мұндай бастаманы қолдады.
1 наурыз Алғыс айту күні аясында БҚО ҚХА Достық үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған бірқатар мерекелік іс-шаралар өтті.
Бағдарламаға сәйкес, алғашқы іс-шара сағат 09.30-да «Мұнайшылар» скверінен «Қазақ халқына мың алғыс» монументіне этномәдени бірлестіктердің өкілдері атынан гүл шоқтарын қоюмен басталды.
Одан әрі, сағат 12-де ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «30 игі іс» республикалық марафоны аясында «Қайырымдылық керуені» атты акциясы бастау алды. Аталған акция БҚО ҚХА этномәдени бірлестіктері өкілдерінің, БҚО ТЖ қызметкерлері, облыс еріктілері, "Жаңғыру жолы" БҚО ҚХАжастар қозғалысы мен БҚО ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлерінің қатысуымен 30 автокөлікпен ұйымдастырылып, қаланың 150 әлеуметтік осал отбасын бірінші кещектегі азық-түлікпен қамтыды.
Облыс басшысы және БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Есқалиев Ғали Нәжмеденұлы жиналғандарды мерекемен құттықтап, шараның маңыздылығын атап өтіп, пандемия кезінде қайырымдылық шараларына үлес қосқан кәсіпкерлер мен аймақ меценаттарына алғыс хаттар табыс етті.
Барлық іс-шаралар санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізілді.