Әлеуметтік жобалар нәтижелерін бағалау жиыны өткізілді

Әлеуметтік жобалар нәтижелерін бағалау жиыны өткізілді

Батыс Қазақстан облысының Ішкі саясат басқармасы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру мониторингі және осы тапсырыстың нәтижелерін бағалау туралы қағидаларына cәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 2020 жылы жүзеге асырылған әлеуметтік жобалар нәтижелерін бағалау жиынын өткізді.

2020 жылы облыстық ішкі саясат басқармасымен 6 мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жарияланды. «Азаматтық сектор мен БАҚ өкілдерінен құралған БҚО делегациясының әртүрлі деңгейдегі шараларға қатысуын қамтамасыз ету» жобасы елде жарияланған пандемия кезінде шаралардың өткізілмеуіне байланысты экономикаға қаржысы қайтарылды.

«Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мейрам күндеріне арналған салтанатты шараларды және мерейлі даталарды ұйымдастыру және өткізу» жобасы «Ғылыми зерттеулерді қолдау қоры» жеке қорымен (Төрағасы А.Курумбаев), «Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін ынталандыру бойынша іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу» және «Мемлекеттік органдар мен азаматтық сектордың өзара іс-қимылын жандандыру мақсатында іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу» жобаларын «БҚО бойынша «Болашақ» корпоративтік қорымен (Директоры С.Тұманбаева), «Құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталаған іс-шараларды өткізу» жобасы «Ақжол» Ассоциациясы» ЗТБ (Төрайымы А.Салиева), «Әлеуметтік желілер мен интернет ресурстарда мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу» жобасы «West Innovation» қоғамдық бірлестігімен (Төрайымы А.Сағиева) жүзеге аасырылған болатын.

Жиын барысында әлеуметтік маңызды жобаны жүзеге асырушылар жоба қорытындысын қорғап, сарапшылар құрамымен бағаланып, алдағы жылға жобалар бойынша ұсыныстар енгізілді.