Мемқызметшілер 14 миллион теңгеден астам қаражат жинап, мұқтаж жандарға көмек көрсетті

Мемқызметшілер 14 миллион теңгеден астам қаражат жинап, мұқтаж жандарға көмек көрсетті

Азық-түлік себеттеріне тек жергілікті өндірушілердің өнімдері, орташа құны 12000 теңгені құрайтын себетте ет, кондитерлік, макарон өнімдері, бал, тәттілер, және т.б. өнімдер салынған. Сонымен қатар, пандемия уақытында аса қажет деп табылған тұмшалар, қолғаптар мен антисептиктер де бар.

Коронавирус пандемиясына орай шектеу шараларын сақтай отырып, мемлекеттік қызметшілер жаңа жылдық шаралардан бас тартып, мұқтаж отбасыларға көмек көрсету мақсатында «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» атты қайырымдылық акциясын жүзеге асырды.

Акция аясында мемлекеттік қызметшілер тарапынан 14 миллион теңгеден аса қаражат жинақтап, 1100-ден аса отбасыға тарату көзделіп отыр. А.ж. 21 желтоқсанында мемлекеттік мекемелерден жинақталған бастапқы қаражатқа 200 азық-түлік себеттері жасақталып, мемлекеттік қызмет өкілдері мекен-жайлар бойынша жеткізді. Шараның басты мақсаты: мұқтаж жандарға көмек көрсету және жергілікті өнім өндірушілердің әлеуетін көтеру болып табылады.

Қайырымдылық шаралар жыл соңына дейін жалғасын табады. Аталмыш шараға облыс басқармалырының қызметкерлері, қалалық және аудандық бөлімдердің қызметкерлері, аумақтық инспекциялар, аудан әкімдіктері, құқық қорғау органдары өкілдері белсенді қатысты.