БҚО үкіметтік емес ұйымдарының форумы өтті

БҚО үкіметтік емес ұйымдарының форумы өтті

«Азаматтық қоғам және мемлекет: Диалог. Серіктестік. Даму»  атты Батыс Қазақстан облысы үкіметтік емес ұйымдарының форумы өтті

Батыс Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Болашақ» корпоративтік қоры «Азаматтық қоғам және мемлекет: Диалог. Серіктестік. Даму» Батыс Қазақстан облысы үкіметтік емес ұйымдарының форумын өткізді.

Басты мақсат – облыстағы мемлекеттік органдар және азаматтық қоғам институттары арасында іскерлік әріптестік қатынасты нығайту бағытындағы жұмыстарын жүргізу.

Форумға облыс басшылығы, мемлекеттік органдардың өкілдері, облыстық және аудандық үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, БАҚ өкілдері қатысты. Сонымен қатар, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Қожахмет Мадияр Дүйсенбайұлы, «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ Президенті Нұрғазиева Бану Ғаниқызы қатысты.

Форум барысында «Азаматтық қоғам институттарын дамыту болашағы туралы», «Қазақстанның әлеуметтік саясатын қалыптастырудағы қоғамдық ұйымдардың рөлі» жөнінде талқыланды.

Форум аясында ең алдымен пленарлық отырыс, содан кейін секция жұмыстары өтті.