
Бүгін Орал қаласының «Нан зауыты» ауданындағы «Лепесток» тынымбағында салынған жаңа жүгіру жолы салтанатты түрде ашылды. Енді жақын маңдағы үйлердің тұрғындары арнайы жабыны бар заманауи трассада жүгіре алады.
Жүгіру жолағының ұзындығы 500 метрден асады. Спорттық нысанның құны шамамен 10 миллион теңгені құраған.
«Жүгіру жолы облыс әкімінің тапсырмасы бойынша салынды. Қала күніне дейін бірнеше спорт нысандарын пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Бірнеше жыл бұрын бізде әдемі алаң болған еді, ал бүгін ол жүгіру жолымен толықтырылды. Бұл қаладағы пайдалануға берілген екінші жүгіру жолы. Біріншісі Тұңғыш Президент алаңында ашылған еді. Оралдықтар жүгіруді жақсы көреді, олардың арасында көптеген марафондық қашықтықтарды бағындырған спортшылар да бар. Ал біздің міндетіміз - салауатты өмір салтын насихаттау және бұқаралық спортты дамыту үшін барлық жағдайларды жасау», - деді нысанның ашылу салтанатына қатысқан қала әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов.
БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі