Меню

Страницы

Статья

Тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабар

«Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» ММ Қазақстан Республикасы және Орал қаласы аумағында таратылатын  мерзімді басылымдары (газет), электрондық БАҚ (телеарналар), интернет-ресурстары арасында өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыру туралы хабарлайды.

Тапсырысқа қатысуға өтінімі бар конвертер Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ж.Молдағалиев көшесі, 19 (Нұр Отан ғимараты), 304-кабинет мекенжайы бойынша жіберіледі, «Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» ММ 2022 жылғы 30 мамыр, сағат 18.30-ға дейін қабылдайды.

Тапсырысқа қатысуға өтінімдері бар конверттер Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ж.Молдағалиев көшесі, 19 (Нұр Отан ғимараты), 205-кабинет  мекенжайы бойынша 2022 жылғы 31 мамыр, сағат 10.00-де ашылады.

Үміткер құжаттар тізбесі бар өтінімді өңірлік деңгейде ұйымдастырушыға беттерін нөмірлеп, тігілген түрде және соңғы беті оның қолымен және мөрімен (болған жағдайда) расталған, ашылғанға дейін өтінімнің мазмұнын қарауға мүмкіндік бермейтін мөрмен (болған жағдайда) бекітілген, оның беткі жағында үміткердің толық атауы мен пошталық мекенжайы, ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы, тапсырыстың атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы: (субъектінің атауын көрсету) АРАСЫНДА (тапсырыстың атауын көрсету) ТАПСЫРЫСҚА» және « (тапсырысқа қатысуға өтінімдерді ашу күні мен уақытын көрсету) ДЕЙІН АШПАҢЫЗ» деген мәтін көрсетілуі тиіс жабық конвертте ұсынады.

Өтінімдер ақпараттық хабарда көрсетілген қабылдау мерзімі өткеннен кейін комиссияның қарауына қабылданбайды.

Қағидалардың 45-тармақтарына сәйкес қатысу үшін Республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес өтінімді уақтылы беру қажет. Өтінімге Республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес құжаттар тізбесі қоса беріледі.

 

Орал қаласы бойынша тематикалық бағыттар 2022 жыл

Дата публикации
13 мая 2022
Дата обновления
13 мая 2022
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Хабарлама
03 июня 2026
Өңірлік тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабар
Хабарлама
19 марта 2026
Өңірлік тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабар
Хабарлама
09 января 2026
Өңірлік тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабар

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы