
Аудан әкімі Арман Өтеғұлов Жаңа Өмір, Шағатай ауылдарында болып, мектептердің жұмысымен танысты. Жаңа оқу жылына кіріскен білім ордаларының басшыларымен тілдесіп, пікірлерін тыңдады. Аталмыш ауылдардың алғашқысында кезекші сыныптар жабдықталып, қашықтықтан білім берсе, шағатайлық оқушылар дәстүрлі түрде білім алуда.