
Аудан әкімі Арман Өтеғұлов пен аудандық мәслихат хатшысы Әлжан Нұрғалиев Абай ауылындағы күрделі жөндеуден өтіп жатқан мәдениет үйінің мердігерімен кездесіп, жұмыс барысымен танысты. Аудан әкімі мердігер мекеме "Каз Строй Гарант" ЖШС-нің басшылығына нысанды жұмыс кестесіне сай уақытылы әрі сапалы аяқтауды тапсырды.
Сонымен қатар Ақжайық ауылындағы жол жөндеу жұмыстарын да тексеріп, техникалық себептерге байланысты кешеуілдеген құрылыс қарқынын үдету керектігін ескертті.