Аудан әкімі жұмыс сапарымен Долин, Ақсуат ауылдық округтерінде болды

Аудан әкімі жұмыс сапарымен Долин, Ақсуат ауылдық округтерінде болды

Аудан әкімі Әділ Жоламанов жұмыс сапарымен Долин, Ақсуат ауылдық округтерінде болып, күрделі жөндеуден өтіп жатқан мектептердің құрылысын қарап шықты. Қос нысанның мердігерлерімен тілдесіп, жұмыс қарқынын үдетуді тапсырды. Тапсырыс беруші мекеме аудандық білім бөлімінің мамандарына құрылыс жұмыстарын күнделікті тексеріп отыру керектігін ескертті.

Долин ауылдық округіндегі ауыл сәулетіне нұқсан келтіріп, адам өміріне қауіп төндіріп тұрған ескі ғимаратты (тұрғын үй) бұзу жөнінде ескерту жасалды. Қараусыз қалған ғимарат құласа, оқыс оқиға орын алуы мүмкін екенін айта кету керек.

Сапар барысында Әділ ТауфиқұлыТоқпай ауылындағы үш қабатты қырық үйдің басында облыстық құрылыс басқармасының басшылығымен жолығып, нысанға тартылатын жол және кәріз жүйесі мәселелерін талқылады. Мердігер мекеме"Казхол" ЖШС-нің мамандарымен пікір алмасып, ұсыныстарын ортаға салды.

Сонымен қатар аудан басшысы Подстепное ауылындағы дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылысы басында болды. Қаңқасы металдан тұрғызылып жатқан кешеннің құрылыс жұмысы жақсы жүруде. Аталмыш ауылдағы жол жөндеу жұмыстары да назардан тыс қалмады.