
Аудан әкімі Әділ Жоламанов "Мәдиев" шаруа қожалығында болып, шаруашылық жетекшісі Сәлімбай Мәдиевпен жолықты. Егін егумен айналысатын ірі қожалық күзгі өнімін түгелге жуық орып, қамбасына түсіріп алыпты. Сәлімбай Абылайұлы биылғы жыл өнімді болғанын айтады. Келер жылдың да дақылға бай болуы үшін қазіргі ауа-райы да қолайлы көрінеді. Қазір көктей бастаған қарабидай қыркүйекте түптеніп үлгерсе, келер жылы кем дегенде бір гектарға 10 центнерден өнім береді екен.
Қазірдің өзінде 25 адамды жұмыспен қамтып отырған қожалықтың ауыл үшін де берері мол. Бидай сабанын да далада қалдырмай, ауыл тұрғындарына тасып беріп отырған диқанға халқы риза.