Аудан әкімі "Масқар" ауылшаруашылық өндірістік кооперативінде болды

Аудан әкімі "Масқар" ауылшаруашылық өндірістік кооперативінде болды

Ақжайық ауылдық округінде болған жұмыс сапарында аудан әкімі Әділ Жоламанов "Масқар" ауылшаруашылық өндірістік кооперативіне барып, шаруашылықтың тыныс-тіршілігімен танысты. Кооператив жетекшісі Талғат Қайнекешов тек мал басын асылдандырумен айналысып қана қоймай, құс өсіріп, бау-бақша да егеді екен. Үй жанынан соққан құдықтан су шығарып, қора маңын шағын көлшікке айналдырыпты.

Талғат төрт түліктен бөлек құрылыспен де айналысады. "Profline construction" құрылыс компаниясы карантин кезінде де 65 адамды жұмыспен қамтып отыр. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін жіті түсінген мәрт азамат туған ауылына да түрлі деңгейде демеушілік танытып жүреді.