АУДАНДЫҚ ЕМХАНАНЫҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ.

АУДАНДЫҚ ЕМХАНАНЫҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың
Жолдауына сәйкес «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы аясында Теректі ауылында аудандық емхананың жаңа ғимараты тұрғындар үшін қолданысқа берілді.
Ашылу салтанатына облыс әкімі Нариман Төреғалиев арнайы қатысып, тұрғындарды құттықтап тілегін білдірді.
Ғимараттың жалпы ауданы 5626 шаршы метрді құрайды. Емхана орталықтандырылған су және автономды жылытумен заманауи газдандырылған. Қажетті медициналық қондырғылармен, жиһаздармен, ұйымдастырушылық техникамен жабдықталған. Емханада сауықтыру, сәулелік диагностика, физио, профилактика бөлімшелері, зертхана, күндізгі стационар және әйелдерге кеңес беруге арналған бөлім бар. Барлығы қажетті медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталған. Нақтырақ айтсақ, эксперт класындағы ультрадыбыстық аппарат, мамограф, 12 арналы электрокардиограф, видеогастроскоп, видеокольпоскоп, зертханалық, физиотерапиялық, стомотологиялық құрал-жабдықтар, кардиохирургиялық бақылау кешені, рентгендік кешен, емдік жаттығу кешені және кинезотерапиялық қондырғылар бар.