Компьютерлiк техникалар тарту етiлдi

Компьютерлiк техникалар тарту етiлдi

Елiмiздегi эпидемиологиялық жағдайға байланысты жаңа оқу жылында ауылдық шағын жинақты мектептердi қоспағанда, облысымыздың барлық мектептерiнде қашықтан оқыту форматы iске қосылады.

Осы орайда Теректi аудандық бiлiм беру бɵлiмi оқушыларды қашықтан оқыту үшiн дайындықты бастады.

Бүгiн, яғни 19 тамызда Теректi аудандық бiлiм беру бɵлiмi басшысының орынбасары Эльмира Сисенбаева, "Ақжайық - адалдық алаңы" жобалау кеңесiнiң ауданымыздағы ɵкiлi Нұрсəуле Аткеева жəне ата-аналар кеңесiнiң мүшелерi қашықтан оқитын 19 мектептiң 988 оқушысына компьютер табыстады.

Теректi ауданында əлеуметтiк жағынан осал, азқамтылған 955 отбасы бар. Алдағы уақытта бұл жанұялардағы 1614 баланы мектеп қорынан компьютерлiк техникамен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Теректi аудандық бiлiм беру бɵлiмiнiң баспасɵз қызметi