
Сапар барысында "Арлан" шаруа қожалығына соғып, малсақ жандардың болашақ жоспарларымен танысты. Әлібек Сахипов жетекшілік ететін аталмыш шаруашылықтың құрылғанына 2-3 жыл болса да, аяғына нық тұрған. Су жаңа техникалар мен ат шаптырым қора сөзіміздің анық дәлелі. Бүгінде 110 бас абердин-ангус тұқымды ірі қара ұстап отырған қожалық иесі мұнымен тоқталсақ емес. Өз қаражатымен басталған шаруашылық бүгінде мемлекет тарапынан берілетін жеңілдетілген несиемен мал басын көбейтуде.