
Кездесу барысында ауыл халқы өздерін алаңдатып отырған мәселелерін айтып, пікірлерімен бөлісті.
Оқу маусымының жақындауына байланысты тұрғындарды ауылдағы әлсіз ғаламтор желісі алаңдатады. Қашықтықтан оқитын студенттер мен оқушылар үшін ұялы байланыс пен ғаламтор желісі ең өзекті мәселе. Осы орайда күрделі жағдайдың күрмеуін шешуге ауыл әкімдері мен аудан басшылығы өз тарапынан ықпал етуде. Алайда ғаламтор мәселесі ұялы байланыс тораптарына тәуелді екені жасырын емес.
Сонымен қатар ауыл белсенділерін жергілікті жердің экологиялық ахуалы да алаңдатады. Бүгінгі таңда каналдардың кеуіп, көлдердің тартылуы - өңір қасіретіне айналып тұр.
Сапар барысында аудан басшысы салынып бітіп жатқан спорттық алаңның құрылысын тамашалап, мердігерлерге жұмыстарын тез аяқтап, спорт күні қарсаңында балаларға тарту етуді сұрады.
Сондай ақ, Әділ Тауфиқұлы мектеп, балабақша және мәдениет үйінің оқу жылы мен салқын маусымға дайындығын тексерді.