Аудан әкімі Әділ Жоламанов Ақсоғым ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті

Аудан әкімі Әділ Жоламанов Ақсоғым ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті

Ақсоғым ауылдық округіне барған сапарында аудан әкімі Әділ Жоламанов тұрғындармен кездесіп, халықтың базынасын тыңдады.

Жер дауы бойынша жолыққан азаматтарға маман ретінде кеңес беріп, жалғызбасты кейуананың үй-жайын тексеріп, отынмен қамтамасыз етуді округ әкімдігіне тапсырды.

Аудан басшысы оқу жылына дайындықты тексеру барысында мектеп директорына тазалық және жөндеу жұмыстары бойынша бірқатар ескертулер жасады. Оқу ордасының абаттандыру жұмыстарына да көңілі толмады.

Бұл ауылда бизнесті қолдау бойынша ауыз толтырып айтарлықтай жұмыстар баршылық. Ауылдағы ескі ғимаратты жөндеп, бизнес орталығын ашу бағытындағы жұмыстар осының кепілі. Сонымен қатар "Мұра" шаруа қожалығының кәсібі де көңіл қуантады. Аталмыш шаруашылық бройлер, муларда және қаз сынды құс түрлерін өсіріп қана қоймай, құс соятын шағын цех ашыпты. Мыңнан астам бройлерді сатуға да шығарып үлгерген. Ірі қара шаруашылығы мен ағаш алып, тақтай тілу жұмыстары да бір жолға қойылған.

Аудан басшысы Әділ Тауфиқұлы жолай Бозай ауылына да соғып, бастауыш мектептің дайындығын тексереді. Бұл мектептің оқушылары дәстүрлі түрде білім алатын болады.