
2024 жылдың басынан бері Батыс Қазақстан облысында АХАТ бөлімдері тарапынан 9289 баланың тууы туралы акт жазбасы тіркелді. Өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 30% - ға артық.
Айта кетейік, бүгінгі таңда ата-аналар баланың тууын ХҚКО-ға бармай-ақ тіркей алады. Егер жаңа туған нәрестенің анасы «Электрондық үкімет» порталының мобильді азаматтар базасында тіркелген болса, ол босанғаннан кейін бір тәулік ішінде 1414 нөмірінен СМС-хабарлама алады. Хабарламадағы сұрақтарға жауап бере отырып, анасы туу туралы куәлікке проактивті түрде өтініш бере алады. Бұл ХҚКО-ға бару қажеттілігін жойып, үрдісті жеңілдетеді. Мұндай өтінішті өңдеу үш жұмыс күніне дейін созылады.
Сонымен қатар, өтінішті дәстүрлі түрде де беруге болады. Егер ата-аналар Халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгінсе, тіркеу мерзімі екі жұмыс күнін құрайды. «Электрондық үкімет» порталы арқылы өтініш беру кезіндегі мерзімі -үш күн.
Естеріңізге сала кетейік, баланың тууы туралы өтініш туылған сәттен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей берілуі керек.