
Құрметті қаржы саласының ардагерлері, қаржыгерлер!
Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын!
Сіздерді Ұлттық валюта күнімен және кәсіби мерекелеріңіз – Қазақстан Республикасы қаржы жүйесі қызметкерлерінің күнімен құттықтаймыз! Тура 31 жыл бұрын, теңге тәуелсіз елдің экономикалық негізі болды.
Сіздерге қаржылық тұрақтылық, өсу, кәсіби жетістік тілейміз: алдағы жұмыстарыңыз еліміздің экономикасын дамыту мен нығайтуға және қаржылық әлеуетін көтеруге бағыттала берсін!
Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, қызметтеріңізге абырой, биік белестерді бағындыруда күш-қуат тілеймін.
Тәуелсіздігіміз де, теңгеміз де тұғырлы, ғасырдан-ғасырға жетер ғұмырлы болсын!
Құрметпен, Д.Абдрашитов
Теректі ауданы әкімінің міндетін атқарушы