
Облыс әкімінің орынбасары Тимуржан Шакимов жұмыс сапарымен Теректі ауданында болып, құрылыс нысандарын аралады.
Алдымен Жаңа Өмір ауылындағы 300 орындық мәдениет үйінің құрылысы басына барып, жұмыс сапасына жауапты мамандармен тілдесті. Айта кетер болсақ, өткен аптада аудан басшысы Әділ Жоламанов аталмыш нысанның мердігері "Домостроитель" ЖШС мекемесіне ескерту берген болатын.
Содан бері қажетті материалдар әкелініп, кірпіштері жеткізілсе де, жұмыс қарқынына жан біте қоймапты.
Осы орайда Тимуржан Әдиетұлы тапсырыс беруші мекеме ретінде аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі мен аудан басшылығына бірер күнде еш нәтиже болмаса, қатаң шара қолдану керектігін ескертті.
Содан соң Подстепное ауылындағы жол құрылысы жұмыстарымен танысып, құрылысшылардың пікірін тыңдады.
Аталмыш ауылдағы дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылысын тексеру барысында облыс әкімінің орынбасары кірпіш сапасына күмәнданып, жауапты бөлімге тиісті құрылыс материалын сараптамаға жолдауды тапсырды. Мердігер компания "СКФ Наурыз" ЖШС басшылығына да бірқатар ескертулер жасалды.