
Ақсуат ауылындағы мектептің күрделі жөндеу жұмысын қадағалап шыққан аудан әкімі Әділ Жоламанов мердігер компания"Алтим" ЖШС-нің жұмысына наразылық танытты. Тамыз басталса да әлі шатыры жабылмаған мектеп құрылысы қазан айында бітуі тиіс екен. Дәл осылай созыла берсе, аталмыш нысан уақытында бітетініне күмән көп. Аудан басшысы жауапты мамандарға жұмысты жандандыруды тапсырды.
Долин ауылындағы орта мектепті жөндеп жатқан "Иском" ЖШС-нің жұмысында керісінше тиянақтылық байқалады. Әділ Тауфиқұлы қос мекеменің де жұмыстарына жан бітіру керектігін айтып, жауапты бөлімге қадағалауды күшейту керектігін ескертті.