
Ауданға қарасты Ұзынкөл ауылында спорт алаңы ашылды. Алаңның ашылу салтанатына аудан әкімі Әділ Жоламанов қатысты.
Аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, халық игілігіне берілген спорт алаңының ашылуында аудан басшысы құттықтау сөз сөйледі.
-Салауатты өмір салтын ұстану әр қазақстандықтың бұлжымас қағидасына айналуы тиіс. Сол үшін әр ауылға спорттық алаң салуды Теректі ауданы қолға алды. Биыл 7 ауылда дәл осындай спорттық алаңдар салынып, теректіліктердің игілігіне берілетін болады,-деді Әділ Тауфиқұлы.
Ұзынкөл ауылын қуанышқа бөлеген спорт алаңының ашылуына орай лента қию рәсімін аудандық қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі, ауыл ақсақалы Мизамғали Елекбаев пен спорт ардагері Совет Мусин жасады.